25 ақпан күні сағат 11:00-де «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық жаттығуы аясында ескерту жүйесінің техникалық тексеруі жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл кезде сирена және дауыстық құрылғылар іске қосылады, сондай-ақ теледидар мен радио арналары да тексеріледі.
Егер сирена дыбысын естісеңіз, дереу теледидарды немесе радионы қосуыңыз керек. Сондай-ақ ШҚО ТЖД ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларын, Darmen қолданбасындағы хабарландыруларды және 112 қызметінен келетін SMS хабарламаларды бақылауыңыз қажет.
Пікірлер