Өңір басшысы майдангер Павел Стрехоны 100 жасқа толуымен құттықтап, Ұлы Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ басшысы мерейтой иесіне жаңа автокөлік кілтін табыстады.
– Павел Еремеевич – тұтас бір дәуірдің куәсі. Оның өмір жолы – сынбас рух пен Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Біз сұрапыл соғыста Жеңіс жалауын желбіреткен буынның алдында бас иеміз және алғысымызды жеке жеткізу мүмкіндігінің болғанына қуаныштымыз. Сізге деніңізге саулық, отбасыңыздың жылуы мен құрметіне бөленіп, ұзақ ғұмыр кешуіңізді тілеймін, – деді облыс әкімі.
Павел Стрехо бүгінде Глубокое ауданында тұрып жатыр.
Пікірлер