Облыстық референдум штабы өңір тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Еріктілер мен белсенділер ақпараттық қағаздар таратып, ірі сауда орталықтарында тұрғындармен кездесулер өткізуде. Мақсат сол, алдағы референдумды және оған қатысудың маңызын еске салу.
ШҚО Қоғамдық кеңесі төрағасы Аяужан Ашимовның айтуынша, референдумға қатысу азаматтық жауапкершіліктің көрінісі ретінде айқындалады.
– Елдің әрбір азаматы өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, референдумға қатысқаны дұрыс. Біздің ортақ болашағымыз соған сай құрылады, – деді ол.
Түсіндіру жұмыстары облыстың барлық қала мен ауданында жалғасады.
Пікірлер