«Өскемен – Рахман қайнарлары» тасжолында қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Казселденқорғау филиалы мамандары бұл аймақ ең қиын жолдардың бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты жеті жарылыс жасалды.
Барлығы 1885 текше метр қар шығарылған. Бұл қар көшкінінің қаупін айтарлықтай азайтты.
Пікірлер