Облыстағы «Қазгидромет» филиалы мәліметіне сүйенсек, ертең облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
– Мұндай ауа райы жағдайында жүргізушілер абай болып, жылдамдықты шектеп, арақашықтықты сақтауы керек. Ал жаяу жүргіншілер құлаудан сақ болып, баяу жүруі керек, – деп ескертті синоптиктер.
Дауыл туралы ескертулерді Darmen мобильді қосымшасын жүктеп алу арқылы алуға болады.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керек.
Пікірлер