A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:30 0

ШҚО-да жүк тасымалдаушы компания мүлкі бүлінген тұрғынға 100 мың теңге төледі

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Тұрғынның айтуынша, заттарын бір мекенжайдан екінші мекенжайға көшіру барысында қызмет сапасыз көрсетілген. Көшу кезінде тоңазытқыштың сырты сызылып, жиһаздың бір бөлігі сынған.

Жәбірленуші компаниядан төленген қаражатты толық қайтаруды талап еткен. Алайда тасымалдаушы тарап бастапқыда кінәсін мойындамаған.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес, қызмет көрсетуші шарт талаптарына сай сапалы қызмет ұсынуға міндетті. Егер қызмет барысында кемшіліктер анықталса, тұтынушы келтірілген шығынды толық өтеуді талап ете алады.

Департамент шешімімен компания тұтынушыға 100 мың теңге көлемінде өтемақы төлеген. Мамандар тұрғындарға қызмет көрсету туралы келісімшартты мұқият оқып, төлем құжаттарын сақтауға кеңес береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив