A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:30 0

Жүлде қоры – 2 000 000 теңге: ШҚО-да балықшылар фестивалі өтеді

Бүгін / ШҚО

1 наурыз күні Бұқтырма су қоймасында ауқымды іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көктемнің алғашқы күнінде мұнда екінші республикалық балық аулау фестивалі – «Бұқтырма балықшысы – 2026» өтпек.
Жеңімпаздар облыс әкімі атынан кубоктармен, медальдармен, Алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Жүлде қоры – 2 000 000 теңге.
Сонымен қатар қонақтарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылады. Шара аясында әуе шарымен көтерілу, садақ ату, ит жегілген шанамен серуендеу, атпен серуендеу және жәрмеңке ұйымдастырылады. Ақшаңқан киіз үйлер тігіледі деп жатыр
Мұздағы балық аулау жарысына қатысу үшін өтінімдер +7-705-900-43-50 нөмірі арқылы қабылданады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив