Аймақта «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Негізгі мақсат – азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру және өңірді көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау. Жаттығу аясында облыста құлақтандыру жүйесі тексеріліп, аудандар мен қалаларда практикалық іс-шаралар өткізілді. Оған 800-ге жуық жеке құрам мен 300-ден астам техника жұмылдырылды.
– Бүгінде облыс бойынша 71 су тасқыны қаупі бар елдімекен анықталған. Қауіп төнген жағдайда 3677 адамнан тұратын күштер тобы, 556 техника, 75 жүзу құралы және 234 мотопомпа жұмылдырылады. Халықты қабылдауға арналған 182 пункт дайын, олардың жалпы сыйымдылығы 21 мыңнан астам адам, – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, оқу-жаттығу қорытындысында апаттық-құтқару қызметтерінің дайындығына баға беріліп, азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бағыттары айқындалды.
Пікірлер