Былтыр аймақтағы мемлекеттік кіріс органдары қызмет көрсету сапасын жақсартып, барлық процесті мүмкіндігінше цифрландыруға басымдық берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш мәлімдеді. Мәлім болғандай, қазір өңірдегі 41 мемлекеттік қызметтің 95%-ы электронды түрде қолжетімді. Қызметтердің көпшілігіне электрондық үкімет порталы, Салық төлеушінің шоты, e-Salyk Azamat және e-Salyk Business мобильді қосымшалары, екінші деңгейлі банк мобильді қызметтері арқылы қол жеткізуге болады.
– Жыл соңына дейін 557 909 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 99,7%-ы электронды түрде көрсетілді. Қағаз негізіндегі қызметтер саны 30%-ға азайды. Бұл кезектерді азайтып, құжаттарды өңдеуді жеделдетті, – деп атап өтті Сайранқан Қабыш.
Сонымен қатар аймақта Біріктірілген салық әкімшілігі жүйесі толығымен енгізілді. Жаңа жүйе құжаттарды өңдеу уақытын қысқартып, салық төлеушілер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттесуді жеңілдетті.
Пікірлер