«Қазгидромет» филиалы мәліметінше, 27 ақпанда аймақтың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түнде облыстың солтүстік бөлігінде -41 градус қатты аяз болады деп күтілуде. Тұрғындарға елдімекендерден тыс жерлерге шықпау ұсынылады.
– Дауыл туралы ескертулерді Darmen мобильді қосымшасын жүктеп алу арқылы тегін біліп отыруға болады. Төтенше жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, – делінген ақпаратта.
Пікірлер