Алтай ауданына қарасты Октябрьский кентінде «Бұқтырма балықшысы – 2026» атты балық аулау фестивалі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Республикалық сайыс биыл екінші рет қолға алынды. Былтыр жүздеген әуесқой балықшы Самар ауданын басып өтіп, Ертіс бойында бас қосқан болатын. Биыл Алтай ауданында жиналды. Ұзын-ырғасы 300 балықшы.
Бас төреші Алексей Моисеев кіріспе сөзінен соң фестиваль ережесін түсіндіріп, нұсқаулар берді. Әрі қарай өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов көпшілікті құттықтады.
– Фестиваль екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биыл ол Алтай өңірінде, аймақтың ең әдемі жерлерінің бірінде өтіп жатыр. Барлық қатысушыға сәттілік және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін, – деді өңір басшысы.
Жарыстан кейін барлық ауланған балық мұқият өлшеніп, нәтижелері жарияланды. «Бұқтырма Балықшысы – 2026» фестивалінде ауланған ең үлкен балықтың салмағы 173 грамм болды. Жеңімпаздарға медальдар, кубоктар, сертификаттар мен 100 000 мен 500 000 теңге аралығындағы ақшалай сыйлық табысталды. Шара ұйымдастырушысы жеңімпаздарға Melada Resort демалыс орталығында демалуға сертификат берді.
Жеңімпаздар:
Әйел балықшы – Ирина Сламихина
«Big Fish» номинациясы – Ғали Темірғалиев
3 орын – Айқын Нұрмұханбетов.
2 орын – Владимир Карпенко
1 орын – Роман Иванов.
Пікірлер