A+ A A-

talgatzhan 37 Кеше, 16:30 0

ШҚО-да биыл тасжолдардағы көлік қозғалысына 96 рет шектеу қойылды

Бүгін / ШҚО

Қыс басталғалы ауа райының қолайсыздығына байланысты аймақта республикалық жолдардағы көлік қозғалысы жүз рет жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Қажсервис» ЖШС жергілікті филиалының мәліметі бойынша, биыл қысқы маусым әдеттегіден ерекше болған. Қатты жел, қар үйінділері жолдардағы жағдайды қиындатты. Қарлы боран кезінде жол бригадалары ондаған мың көлікті алып жүруге және жолдардың қиын учаскелерін тәулік бойы тазартуға мәжбүр болды.

– Биыл қыста республикалық маңызы бар тасжолдарда көлік қозғалысы 49 рет жабылды, ал кейбір көлік түріне шектеулер 47 рет енгізілді. Боран мен қар жауғанда біздің қызмет қауіпті учаскелерден шамамен 30 000 көлікті алып өтті. Жүздеген жүргізуші қар үйінділерінен құтқарылды. Қауіпсіз жүруді қамтамасыз ету үшін 120-дан астам адам мен 100-ден астам техника тәулік бойы жұмыс істеді, – деді ұйымның бас инженері Шыңғыс Зайытов. 

Жол активтері Ұлттық сапа орталығының мамандары қысқы күтімді қадағалап, барлығы 13 тексеру жүргізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив