«Қазгидромет» филиалы хабарлауынша, 3 наурызда аймақта қар жауып, боран соғуы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Өскеменде қар мен боран болады деп күтілуде.
– Жолдарда көлік жүргізген кезде жылдамдық шегін сақтап, қауіпсіз қашықтықты сақтау керек. Дауыл туралы ескертулерді тегін Darmen мобильді қосымшасын жүктеп алу арқылы алуға болады. Төтенше жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, – делінген ақпаратта.
Пікірлер