Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ерназ Нұрлановтың айтуынша, өңірде ауыл шаруашылығы, бөлшек сауда айналымы, құрылыс жұмыстары және негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі артқан.
- 2025 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 трлн теңгеден асты. Бұл республикалық көрсеткіштің 5,4 пайызына тең. Ал ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 556,4 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мал шаруашылығы өнімінің көлемі 23,6 пайызға, ал өсімдік шаруашылығы өнімдері 16,6 пайызға артқан, - деді Ерназ Нұрланов.
Бұдан бөлек, былтыр орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 458,8 млрд теңгені құрады. Бұл республикалық көрсеткіштің 4,3 пайызын құрайды.
- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының саны 718,9 мыңға жетті. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 5 022-ге азайған. Гендерлік құрам бойынша өңірде әйелдердің саны басым. Облыста 344 мың ер адам, 374 мың әйел тұрады. Бұл көрсеткіш демографиялық жағдайға назар аударуды қажет етеді, - деді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаментінің басшысы.
Пікірлер