A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:40 0

ШҚО-да биыл туристік бағыттарға апаратын 110 шақырымнан астам жол жөнделеді

Бүгін / ШҚО

Бүгін Үкімет отырысында жол саласын дамыту жайы сөз етілді. Жиын барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов баяндама жасап, бұл бағытта өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Облыста елді мекендер мен туристік рекреациялық аймақтарға апаратын кірме жолдарды қанағаттанарлық жағдайға келтіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 94%-ды құрайды. Өткен жылы ауылдарға апаратын 90 шақырым кірме жолға, негізгі туристік аймақтарға жеткізетін 160 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді аймақ басшысы.
Биыл туристік бағыттар бойынша 114 шақырым жолды және елді мекендерге апаратын 100 шақырымнан астам кірме жолды жөндеу жоспарланып отыр. 
Шемонаиха қаласындағы Үбі өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жобасы әзірленген. Сонымен қатар Өскемендегі Ертіс өзеніне салынатын көпір құрылысы бойынша жоба дайындалып жатыр. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы биылғы жылдың шілде айында алынады деп көзделген. 
- «E-Joldar» платформасын іске асыру аясында облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына цифрлық паспорттар әзірленді. Биыл бұл жұмыс аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көше-жол желісінде жалғастырылмақ. Сондай-ақ 2026 жылы ауыспалы жобаларды іске асыруды жалғастыру және өңірдің 300 шақырымнан астам көлік жолдары мен көшелерін қамтитын жаңа жобаларды іске қосу жоспарланған, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив