A+ A A-

talgatzhan 38 3-03-2026, 15:30 0

«Малға шапқан»: ШҚО-да сирек кездесетін қара қасқыр атылды

Бүгін / ШҚО

Өңірде жыртқыштар санын реттеу мақсатында аңшылар қара түсті қандыауызды атып алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыста мал ұстап отырған тұрғындар төрт түлікке шапқан қасқырлардың ірі тобын байқаған.

– Үйір ішінде қара түсті қасқыр болды. Жыртқыштар малға жиі шауып, айтарлықтай шығын келтірген соң, шаруалар аңшыларға жүгінді. Олар біраз уақыт бойы үйірді бақылауда ұстады. Нәтижесінде ұрымтал сәтті таңдап, жоғары дәлдіктегі қару көмегімен бірнеше қасқырды атып алды. Солардың қатарында сирек кездесетін қара қасқыр да бар, – деді «Қазақстан аңшылар мен балықшылар қоғамы «Табиғат» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Қажым Жұмалиев.

Аңшылардың айтуынша, олар бұған дейін мұндай түсті қасқырды кездестірмеген.

Оны көбінде меланист дейді. Бұл генетикалық мутация салдарынан ағзада меланин пигментінің шамадан тыс түзілуіне байланысты түсі қап-қара болып келетін жануар. Табиғатта меланизм құбылысы сирек ұшырасады. Ал адамдар арасында меланистер кездеспейді.

Фото: cbeditz.com

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив