15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында жаңа онлайн сервис іске қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді азаматтар өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін ЖСН арқылы оңай тексере алады. Қызметті бірнеше тәсілмен пайдалануға болады:
– «Электрондық қызметтер орталығы» порталы — https://e-vko.gov.kz/ru/Voters/Index арқылы;
– арнайы Telegram-бот— https://t.me/vote_vko_bot көмегімен;
– Digital East мобильді қосымшасы— https://digitaleast.e-vko.kz/ арқылы.
Сервис тұрғындарға уақыт жоғалтпай, сайлау учаскесін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
Пікірлер