A+ A A-

talgatzhan 43 4-03-2026, 09:20 0

ШҚО-да «Мал ұрысы» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр

Бүгін / ШҚО

3–5 наурыз аралығында облыс аумағында «Мал ұрысы» республикалық жедел алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның негізгі мақсаты – мал ұрлығы фактілерінің алдын алу және жолын кесу, осы санаттағы қылмыстарды анықтау және ашу, ауылдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларын және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөлік құралдарын олардың заңды шығу тегін және тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттарының болуын тексеру мақсатында бақылауға алады.
Сонымен қатар ет өнімдерін өткізетін базарлар, сауда нүктелері және өзге де орындар тексеріліп, заңсыз сауда фактілерін анықтау және қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылуын болдырмау бойынша шаралар қабылданады.
ШҚО Полиция департаменті тұрғындарды сақтық шараларын күшейтіп, малға тиісті бақылау жасап, шаруашылық мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге шақырады. Күдікті жағдайлар анықталса, дереу «102» нөміріне хабарлау қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив