A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:30 0

ШҚО әкімі өрт қауіпсіздігін бақылауды күшейтуді тапсырды

Бүгін / ШҚО

Ақмола облысындағы қайғылы оқиғадан кейін өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов өрт қауіпсіздігін бақылауды күшейтуді тапсырды,деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Түсіндіру жұмыстары мен нұсқама газ жабдықтарын пайдаланатын жеке кәсіпкерлер арасында жүргізілетін болады.
- Ақмола облысынан жеткен суыт хабар бәрімізді алаңдатты. Еске салайын, Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде болған жарылыс салдарынан адамдар қаза тапты. Осыған байланысты Шығыс Қазақстандағы барлық елді мекеннің басшыларына нысандардағы өрт қауіпсіздігін бақылауды күшейтуді тапсырдым,— деді Нұрымбет Сақтағанов.
ШҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай шаралар қауіпсіздік деңгейін арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
- ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің және газ инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, нысандарда газ жабдықтары болған жағдайда жеке кәсіпкерлерге оны қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және нұсқама беруге құқылы, — делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив