Негізгі гидрологиялық болжамға сәйкес Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны қаупінің жоғарылауы күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Болжам көпжылдық гидрометеорологиялық бақылауларды талдау негізінде жасалған. Сарапшылар көктемгі тасқынның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды ескерген.
Қолайсыз синоптикалық жағдай қалыптасқан жағдайда елді мекендер, ауыл шаруашылығы алқаптары мен инфрақұрылым нысандары су астында қалуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қауіптің жоғары болуына күзгі топырақ ылғалдылығының жоғарылауы мен топырақтың тереңдігі себеп болып отыр.
Өңірде қаупі жоғары аумақтарға Алтай, Глубокое, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Ұлан және Үлкен Нарын аудандары енгізілген.
Қазгидромет мәліметінше, мемлекеттік органдар мен тұрғындарды жедел хабардар ету үшін апта сайын қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар ұсынылады. Болжамдық деректер синоптикалық және гидрологиялық жағдайға қарай нақтыланып отырады.
Пікірлер