«Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ер адам үйіндегі саяжайда тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған зертхана ашып қойған. Ол жерден арнайы шамдар, желдеткіштер мен термометрлер табылды.
Полицейлер оқиға орнынан қарасора бұтасын және өсімдік тектес заттарды тәркілеген.
Күдіктіге қатысты есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды заңсыз өсіріп, заңсыз өңдеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Пікірлер