A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:30 0

ШҚО-да жүкті әйелге шұғыл ота жасалды

Бүгін / ШҚО

Облыста жатыр-плацентарлы ұрық қанайналымының III дәрежелі бұзылысы анықталған әйелге жүктіліктің 31 аптасында шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайда уақыт жоғалтпай, шешім кәсіби түрде қабылдануы тиіс.
- Біз алдымен әйелді мерзімінен бұрын босандыру туралы шешім қабылдадық. Ота кесарь тілігі арқылы жасалды. Бұл – шала туған нәрестелер үшін анағұрлым дұрыс тәсіл, — деді дәрігерлер. 
Салмағы 870 грамм болған нәресте неонатолог мамандарға тапсырылды. Олар оған алғашқы реанимациялық көмек көрсетіп, жағдайын тұрақтандырғаннан кейін реанимация бөліміне ауыстырды.
- Осындай сәтте акушерлер мен неонатологтардың бірлесіп жасаған жұмысы маңызды. Баланың салмағы бір келіге жетпеген кезде әр минут пен әр шешімнің маңызы зор, - делінген ресми ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив