A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 11:20 0

ШҚО-да аудандардың бас жоспары әзірленуде

Бүгін / ШҚО

2025 жылы облыстағы елді мекендердің бас жоспарын ауқымды түрде түзету басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бекітілген бас жоспарсыз инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкін емес. Сондықтан туризмнің дамуы бұл құжаттардың уақтылы дайындалуына тікелей байланысты.
ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, өңір аумағында 257 елді мекен бар: 6 қала және 251 ауыл. Соның 186-сы үшін бас жоспар әзірленген. Өзекті әрі бекітілген құжаттармен қамтылу деңгейі - 52%. Қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты 104 бас жоспарға түзету енгізу қажет.
Риддерде бас жоспар туризмді дамыту және инвесторларды тарту бағытында қайта қаралуда. Сондай-ақ Үлбі кенті мен Поперечное ауылына да бас жоспар әзірлеу қажет.
Глубокое ауданындағы Зимовье және Таулы Үлбі ауылдарының жоспарлары жаңартылады. «Алтай альпісі» тау-шаңғы кешені мен «Forest Hills» жобасын дамытуға байланысты жоспар түзетіледі.
Алтай ауданы бойынша Жаңа Бұқтырма, Октябрь кенттеріне бас жоспар қажет. Бұл аумақта туристік базалар мен Мохнатка тауын дамыту көзделген. 
Бұқтырма су қоймасының қарсы жағалауында да кешенді жұмыс жүргізілуде. Самар ауданының орталығы мен Новостройка, Сарыбел ауылдарының бас жоспары дайындалды. 2026 жылы олар мемлекеттік сараптамадан өтеді. Бұл қонақүйлер мен демалыс базаларын салуға мүмкіндік береді.
Зайсан ауданыныдағы бас жоспары әуежай құрылысына байланысты түзетілуде. Марқакөл ауданы бойынша Ұрынқай, Матабай, Бұғымүйіз, Төсқайың, Шанағатты, Қарағайлыбұлақ, Верхняя Еловка ауылдары қамтылады.
Аталған жұмыстарды жалғастыру үшін былтыр 40 млн теңге бөлінсе, осы жылға 109,5 млн теңге қаражат қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив