«Казгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалы ақпаратынша, 28-ші қазанда күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр, қар күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады.
- Күндіз облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында екпіні 23 м/с жететін жел соғады. Ал Өскеменде жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел күтіледі, - делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД мамандары жүргізушілерге жолға шығарда көлігінің жабдықтаулы болуын ескертеді. Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыздар.
Пікірлер