A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 15:25 0

ШҚО-да 78 ата-ана жаңа туған сәбиге БЦЖ екпесін салдырудан бас тартты

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандардың сөзінше, балалар арасында туберкулездің алдын алудағы ең тиімді шаралардың бірі – жаңа туған нәрестелерді перзентханада иммундау. 

2025 жылы өңірде дүниеге келген 7 362 сәбидің 97,7%-ы (7 191) БЦЖ екпесін алды. Ал 171 нәрестеге екпе салынбады. 68 жағдайда уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер анықталса, 78 жағдайда ата-аналар екпеден бас тартқан. Тағы 25 сәбиге өзге себептерге байланысты вакцина салынбады.

Жыл ішінде медициналық қарсы көрсетілімі жойылған 50 бала алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында БЦЖ вакцинасын алды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл балаларды туберкулездің ауыр және асқынған түрлерінен қорғайды. Статистика бойынша екпе алған балалар арасында ауру әлдеқайда сирек тіркеледі және асқыну қаупі төмен болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив