28 ақпан-2 наурыз аралығында облыста «Жасөспірім» республикалық жедел алдын алу шарасы өтті. Полиция қызметкерлері үш күн бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Рейд барысында 500-ден астам тәртіп сақшысы профилактикалық есепте тұрған отбасыларды тексеріп, жастар көп жиналатын орындарды бақылауға алып, жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен әңгіме жүргізді.
Нәтижесінде 161 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 11 кәмелетке толмаған бала және бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 17 заңды өкіл профилактикалық есепке қойылды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері мектептер мен колледждерде 150-ден астам кездесу мен дәріс өткізді. Жасөспірімдерге заңнама нормалары, жауапкершілік мәселелері мен жеке таңдау жасаудың маңызы түсіндірілді.
Пікірлер