A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 16:25 0

ШҚО-да 463,8 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлистің айтуынша, 2022 жылдан бері өңірде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. 

- Шығыс Қазақстан облысының жалпы аумағы 9,7 млн гектарды құрайды. Оның 3,5 млн гектары ауыл шаруашылығына арналған жерлер. 2022 жылдан бері облыс бойынша 463,8 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Осы жылы 40 мың гектар жерді қайтару жоспарланған. Оның ішінде 14 мың гектар жер қайтарылды, - деді Надежда Федоровна. 

Бұдан бөлек, былтырғы жоспар бойынша 120 мың гектар жерді қайтару көзделген. Жыл қорытындысында мемлекет меншігіне 120,5 мың гектар жер қайтарылып, жоспар толық орындалды.

- Қайтарылған жерлер ең алдымен елді мекен маңындағы жайылым тапшылығын азайтуға бағытталады. Қазір  2022 жылдан бері қайтарылған жерлердің 131,6 мың гектары ауыл шаруашылығы айналымына тартылған. Оның ішінде 53,6 мың гектар жер халық қажеттілігіне берілсе, 78 мың гектар жер конкурстық негіздегі агроқұрылымдарға бөлінді, - деді Надежда Михейлис.

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив