Тарбағатай ауданындағы республикалық маңызы бар «Омбы–Майқапшағай» тасжолында ауа райының қолайсыздығынан көлік жолдан шығып кетіп, жыраға құлап кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция аға лейтенанты, патрульдік полиция инспекторы Нұрасыл Қабылқақов және полиция аға лейтенанты, табиғатты қорғау тобының инспекторы Ришат Ахметов алғашқы көмек көрсетті. Олар дреу іске кірісіп, көлік айналасын қардан тазартып, арнайы техниканың келуіне жағдай жасады. Нәтижесінде трактордың көмегімен жол талғамайтын көлік қайтадан тасжолға шығарылды.
Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші полицейлерге жедел әрекеттері мен қолдаулары үшін алғыс білдірді.
Пікірлер