Экономикалық тергеу департаменті алкогольдік өнімдерді мемлекеттік лицензиясыз сақтау бойынша екі қылмыстық істің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Экономикалық тергеу департаменті ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Жанар Тайғаранованың мәліметінше, 2022 жылдан бері облыста алкогольдік өнімдердің көлеңкелі айналымы саласындағы құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу және алдын алуға арналған акция өткізіліп келеді.
- Алкоголь өнімдерін мемлекеттік лицензиясыз сақтауға қатысты екі қылмыстық іс аяқталып, цех жабылды. Тәркіленген тауардың жалпы құны 6,6 млн теңгеден асады. Тінту барысында 2,3 мың литр алкоголь, 14 мың литр спирті бар сұйықтық табылды. Сот үкімімен өндіруші кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - дейді Жанар Тайғаранова.
Пікірлер