A+ A A-

talgatzhan 39 28-10-2024, 11:16 0

ШҚО-дағы жер үйлерде пеш жағуда қауіпсіздік ережелерін бұзудың 7 мыңнан астам фактісі тіркелді

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында жер үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 16 мыңнан астам фактісі тіркеліп отыр. Оның ішіндегі 7 мыңнан астамы пеш жағуға қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


ШҚО ТЖД қызметкерлері жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторын жиі аралап, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеруде. Осы уақытқа дейін пеш жағып отырған 57 мыңнан астам үйге бақылау жасалды.

Әсіресе көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын үйлерге баса назар аударылды. Құтқарушылар пешті және бітелген мұржаны қалай тазалау керектігін түсіндірді.

-Үйлерді аралау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптар бұзудың 16 мыңнан астам фактісі анықталды. Оның ішінде 7145-і - пешке байланысты, 6311-і электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға қатысты, ал 2987-і басқа бұзушылықтар. ТЖД қызметкерлерінің ұсынымдарымен тұрғындар 13090 бұзушылықты сол жерде жойды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, облыста көпбалалы отбасылардың және қарттардың үйлерінде улы газды анықтайтын датчиктер орнатылып жатыр. Соңғы бірнеше жылда уақтылы іске қосылған осы құрылғылардың арқасында 42 адам құтқарылған.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив