Әлеуметтік желіде өңірде отыздан астам адамның бруцеллезбен ауырғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Хабарламада айтылғандай, аталған жағдай Алтай және Үлкен Нарын аудандарында тіркелген. Тіпті, инфекцияның көбеюіне байланысты төтенше жағдай енгізіліп, ет экспорттауға тыйым салынған делінген.
Алайда бұл ақпараттың жалған екені белгілі болды. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері науқастар мен індет туралы деректі жоққа шығарды.
- 25-ші қазандағы жағдай бойынша Алтай ауданы тұрғындары арасында бруцеллезге күдікті жағдай тіркелген жоқ. Сондай-ақ медициналық мекемелерден шұғыл хабарламалар түспеді, - дейді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер.
Пікірлер