A+ A A-

talgatzhan 41 28-10-2024, 14:37 0

ШҚО-дағы бас экологтың ісі сотқа жетті

Бүгін / ШҚО

Данияр Әлиевке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сондай-ақ делдал деп танылған Мақсат Жұрқабаев пен пара берді деп айыпталған Константин Длужевский де сот залынан табылды.
Естеріңізге салсақ, бас эколог былтыр желтоқсан айында ұсталған еді. Одан екі апта бұрын орынбасары Рауан Тұраров ірі көлемде пара алды деген күдікпен қамауға алынды.
Ал биыл шілде айында Антикор ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бутабаевты ұстады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, 61 жастағы ер адам Қалбатау-Майқапшағай жолын қалпына келтіріп жатқан жол-құрылыс компаниясы директорының орынбасарынан пара алды деп күдікке ілінді. Осы ақша үшін ол экологиялық заңды бұзғаны үшін компанияны әкімшілік жауапкершілікке тартпауға және оны жасыруға уәде берді. Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. 
Айта кетейік, 23-ші шілдеден бастап ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы қызметіне 32 жастағы Азамат Тәуірбеков тағайындалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив