ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті ШҚО бойынша департаментінің бұйрығымен 1 қарашадан үйге ортақ есепке алу аспабының бар-жоғына қарай, 2024 жылдан 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін халық үшін келесі тарифтер бекітілді – 3 970,38 теңге/Гкал, оның ішінде аспаппен - 3 326,74 теңге/Гкал, аспапсыз - 4 764,45 теңге/Гкал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1 қарашадан бастап «Халық» санатына жататын тұтынушылар үш кіші топқа бөлінеді:
- жылытылатын ауданы 100 м2-ден аз;
- жылытылатын ауданы 100 м2-ден көп және 200 м2-ден аз;
- жылытылатын ауданы 200 м2-ден көп.
Оларға арналған тарифтер есепке алу аспабының бар немесе жоқтығына, үйдің жағдайына қарай саналады (тозығы жеткен немесе апатты жағдайда).
Пікірлер