A+ A A-

talgatzhan 39 28-10-2024, 15:59 0

ШҚО балық өндіру бойынша алдыңғы қатарда тұр

Бүгін / ШҚО

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 9,3 мың тонна пісірілген немесе консервіленген балық, уылдырық және оны алмастырушы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға аз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сондай-ақ 29,1 мың тонна балғын, салқындатылған, мұздатылған балық шығарылды. 
Облыс бойынша балық консервілері мен уылдырық Түркістан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында, балғын және мұздатылған балық Атырау, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында, ал шаянтәрізділер мен моллюскалар тек Павлодар облысында өндірілді.
Оған қоса балық пен теңіз өнімдерінің бағасы көтерілуде. Қыркүйек айының соңында балық құны 7,3%-ға өскен. 
Ал өңірлер бойынша Маңғыстау облысы көш бастады. Онда баға 20,6%-ға артқан. Одан кейінгі орында ШҚО (15,1%-ға), Ақтөбе (13,8%-ға), Абай (11,7%-ға) және Павлодар (11,4%-ға) облыстары тұр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив