A+ A A-

talgatzhan 45 28-10-2024, 16:55 0

Өскемендік донор төрт адамның өмірін құтқарды

Бүгін / Өскемен

23 қазан күні Өскемендегі облыстық ауруханада қайтыс болған донордың бірнеше ағзасы басқа науқастарға сәтті ауыстырылды. Трансплантациялау үшін жедел санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ҚР ДСМ Трансплантология және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығының өкілдері мәлімдегендей, ота орталықтың республикалық, өңірлік және стационарлық трансплантология үйлестірушілері мен "University Medical Center", “Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық” ЖШС сынды трансплантология орталықтарының мамандарының арқасында сәтті өтті. 
Өскемендік 39 жастағы донордың миы өлгені расталған соң туыстары келісім беріп, төрт адамға ағзасы берілді. 
- 1977 жылы туған ер адамның жүрегі, 1962 жылы туған әйелдің өкпесі, 2015 жылы туған бала мен 1966 жылы туған әйелдің бүйрегі ауыстырылды, - деді орталықтағылар. 
Осылайша, кезекте тұрған төрт адам аман қалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив