Биыл өңірдегі өрт сөндіру бөлімшелеріне пештегі тамақты ұмытып, салдарынан үйдің қызыл жалынға оранғаны туралы 80 қоңырау түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал демалыс күні Шәкәрім даңғылындағы көпқабатты үйдің бірінен өрт шықты.
Анықталғандай, 4 қабатта тұратын 1948 жылы туған азамат пештің үстіндегі тамақты қараусыз қалдырып кеткен.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылардың арасында тек егде жастағы адамдар емес, үйден шыққанда пешті өшірмейтіндер де бар. Бұл жағдайда ҚР ӘҚБтК 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Осы тұста ШҚО ТЖД мамандары азаматтарға бірнеше кеңес береді: тамақ дайындау барысында пештен алыс кетпеу, үйден шыққан кезде пешті өшіргеніңізді тексеру, пештің жанына жанғыш заттарды қоймау.
Сондай-ақ төтенше жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар.
Пікірлер