A+ A A-

talgatzhan 48 29-10-2024, 09:48 0

ШҚО тұрғындары қаңтардан бастап электр энергиясы үшін басқа ұйымға төлейді

Бүгін / ШҚО

«Шығысэнерготрейд» ЖШС энергиямен жабдықтау жұмыстарының энергия тасымалдаушы ұйымдарға қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұған дейін «Шығысэнерготрейд» ЖШС мен «ОЭСК» АҚ бірігеді деп жоспарланған еді. Қазіргі таңда «Шығысэнерготрейд» ШҚО мен Абай облыстарындағы 10 қала, 15 аудан, 30 кент пен 870 елдімекенді электр қуатымен қамтамасыз етіп отыр.
- 2025 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің қызметі мен тұтынушылары «ОЭСК» АҚ энергия тасымалдаушы ұйымына берілді, - делінген мәліметте. 
Осылайша, желтоқсан айының төлемі «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ға, ал қаңтар айының ақысы «ОЭСК» АҚ-ға жіберілді.
Айта кетейік, тұтынушылардың жеке шотының нөмірі өзгеріссіз қалады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив