A+ A A-

talgatzhan 40 29-10-2024, 10:40 0

Бұқтырмадағы жаңа көпір арқылы бір тәулікте 80 мың көлік қатынайды

Бүгін / ШҚО

Жуырда ғана ашылған Бұқтырма су қоймасындағы жаңа көпір арқылы бір тәулікте 80 мың көлік қатынайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Себебі нысан алты ауданның арасын жалғап тұр. Осылайша бір ғана көпір тұтас өңірдің әлеуметтік-экономикалық ілгерлеуіне әсер етеді. Ал 60 жыл бойы пароммен қатынаған шығыстағы ағайын бұл оқиғаны тарихи деп сипаттап отыр. 4 жыл бұрын құрылысы басталған бұл нысанды аймақ жұрты асыға күтті. Қазір қуаныштарында шек жоқ.

Ұзындығы 1 шақырымнан асатын көпір 6 аудан арасындағы алыс берістің көлемін арттырады. Атап айтсақ Самар, Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қатон Қарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырды. Мамандар әсіресе кәсіпкерлік пен туризмнің дамуына септігін тигізеді деп отыр.

Өткелге дейін 18 шақырым жаңа жол да салынды. Ал, көпір құрылысы кезінде озық инженерлік технологиялар қолданылған. Сондай-ақ барлық сапа стандартын сақталды.

Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив