A+ A A-

talgatzhan 42 29-10-2024, 11:58 0

ШҚО-да медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек бағасы 13 пайызға өсті

Бүгін / ШҚО

Биыл Қазақстандағы амбулаториялық қызметтердің құны 11,6%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ал аймақтардағы бағаның жылдық өсімі бойынша Астана көш бастап тұр. Бас қалада медициналық қызмет ақысы бір жылда 28,9%-ға артқан. Алғашқы бестікте Ақтөбе (18,3%-ға), Ұлытау (17,9%-ға), Қарағанды ​​(16,5%-ға) және Қостанай (14,6%-ға) облыстары бар. Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 13,2%-ды құрады. Ал Алматы (3,3%-ға), Батыс Қазақстан облысы (3,7%-ға) мен Шымкентте (7,1%-ға) ем ақысының аса арта қоймағаны байқалады.
Сондай-ақ амбулаториялық қызметтердің ішінде стоматологиялық қызмет бағасы 12,5%-ға, медициналық қызмет 11,5%-ға, орта медициналық қызмет 9,5%-ға өсті. Ал жалпы қан анализін тапсыру бағасы 0,1%-ға арзандаған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив