453.87 508.33 5.65
A+ A A-

ШҚО-да есірткі тасымалдаушы курьер ұсталды

ШҚО-да есірткі тасымалдаушы курьер ұсталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Тінту кезінде ер адамнан экстази таблеткалары, 30 граммға жуық α-PVP мен 40 граммдай мефедрон табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ұсталған азаматтың қыркүйек айында көрші облыстан Өскеменге келгені, жалдамалы пәтерде тұрғаны және жұмыссыз екені анықталды.
Ол мессенджердегі канал арқылы есірткі таратқан. Сотқа дейінгі тергеу материалдарына айғақ ретінде күдіктінің ұялы телефоны қосылды. Онда дәлелді фотосуреттер болған. 
Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі көлемде өткізу, беру  мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторында. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив