Биыл қыркүйекте елдегі көмірдің бір тоннасының орташа бағасы 17 676 теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл баға былтырғыдан қарағанда 9,8%-ға өскен.
Өңірлер арасындағы төмен баға Петропавл (15 187 теңге/т), Өскемен (15 679 теңге/т), Семей (15 693 теңге/т) мен Павлодар қалаларында (15 715 теңге/т) тіркелді. Ал ең қымбат көмірді ақтөбеліктер сатып алған (23 000 теңге/т).
Айта кетейік, биыл қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 51,8 млрд теңгеге 79,7 млн тонна қара отын өндірілді.
Пікірлер