A+ A A-

talgatzhan 40 30-10-2024, 09:47 0

Өскемендегі Ана мен бала орталығының ескі ғимараты жөнделмек

Бүгін / Өскемен

Жоба аясында ғимаратты перзентхана етіп қайта құру және жабдықтау жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ЖМК (КШТ) ауданындағы Өтепов көшесінде орналасқан орталық 1986 жылы салынған. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 38 жылдан бері ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазір орталық іші бос тұр, ал үшінші және төртінші қабатты жеке меншік иелері жалға алған.
Анықталғандай, жоба құны 3 миллиард 756 миллион теңгені құрайды. Ол облыстық бюджеттен қаржыландырылатын болады. Ал 2024 жылдың төртінші тоқсанында аталған қаржының 300 миллион теңгесі бөлінді. Жөндеу жұмыстарын «DK Build» ЖШС іске асыруда. Олар нысанды келесі жылдың 25 қарашасына дейін тапсыруды көздеп отыр. 
Жөндеуден кейін ғимаратта перзентхана мен ота, жансақтау бөлімдері ашылады. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұл медициналық көмек көрсету деңгейін арттырып, ана мен балаға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив