A+ A A-

talgatzhan 31 6-04-2026, 10:55 0

Марқакөл ауданында жоғалып кеткен ер адам табылды

Бүгін / Марқакол

Ақбұлақ ауылдық округінде Төтенше жағдайлар және Полиция департаментінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар 1965 жылы туған ер адамды іздеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, ол мал бағу үшін шаруа қожалығынан жылқымен шығып кеткен. Алайда белгіленген уақытта қайтып оралмады. Ер адамды табу үшін ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. 

Нәтижесінде тұрғын Маубас пен Доғалбай фермаларының арасынан табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив