
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 7 сәуірге ауа райы болжамы
Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 7 сәуірде Түркістан облысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады және жел тұрады. Таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да кей уақыттарда найзағай мен жел соғып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Алматы мен Қонаев қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады. Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз найзағай болып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында облыстың оңтүстігі мен орталығында найзағай, бұршақ және жел болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда қаласында күндіз найзағай мен бұршақ болжанып, жел екпіні 15 м/с дейін жетеді.
Ұлытау облысында батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең тұман болады. Жезқазғанда да жаңбыр мен найзағай болжанады.
Қарағанды облысында күндіз солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Ал басқа аймақтарда тұман болады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең батысы мен орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысында түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман болады. Семей қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батысы мен шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында түнде жаңбыр мен найзағай болады.
Жамбыл облысында таулы аудандарда жаңбыр, найзағай және тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с. Тараз қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысында түнде солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында түнде найзағай болып, жел екпіні 15-18 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Өскемен қаласында да түнде және таңертең тұман болады. Сонымен қатар бірінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай (НМУ) бойынша ескерту жарияланған.
Ақмола облысында күндіз батысында және солтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысында батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавл қаласында күндіз жаңбыр мен найзағай, түнде және таңертең тұман болып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы
{calendar}
Пікірлер