A+ A A-

talgatzhan 48 30-10-2024, 14:00 0

ШҚО тұрғындары алаяққа алданып, 30 миллион теңгеден айырылды

Бүгін / ШҚО

Өскеменде тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өңірдің 19 тұрғыны полицияға арыз түсірген. Анықталғандай, әйел адам оларға қант жеткізіп беруге уәде етіп, ақшаны алғаннан кейін жоғалып кеткен. Жалпы шығын көлемі шамамен 30 млн теңгені құрайды.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, аталған адамның бұрын ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Сот күдіктіге үй қамағы түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасын қолданды. 
Осы тұста ШҚО полиция департаменті өкілдері тұрғындарға осындай қылмыстық әрекеттерден зардап шеккен жағдайда дереу «102» арнасына хабарласуды еске салады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив