A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 09:50 0

Өскеменде жылу беру маусымы қашан аяқталады?

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы шешімді қалалық әкімдік өкілдері қабылдайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандардың мәліметінше, жылу беру маусымын тоқтату сыртқы ауа температурасына тікелей байланысты. Яғни, тәуліктік орташа температура тұрақты түрде оң көрсеткішке жетіп, ғимараттарды жылыту қажеттілігі жойылған кезде ғана жылу өшіріледі.
«Шығыс Жылу» АҚ өкілдерінің ақпаратынша, тиісті шешім жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданады.
Сонымен қатар жылу беру маусымы аяқталғанға дейін тұрғындар жылу беруді өздігінен реттеп немесе уақытша тоқтата алады.
Айта кетейік, былтыр Өскеменде жылу беру маусымы 22 сәуірде аяқталған еді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив