2-3 қараша аралығында Алматы қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оған Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Үлкен Нарын, Самар, Шемонаиха аудандары және Өскемен қаласының кәсіпкерлері қатысады.
Шара аясында алматылықтарға 50 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері сатылады. Оның ішінде төрт тонна ет, 28,6 тонна бал, алты тонна күнбағыс майы, екі тонна сүт өнімдері, төрт тонна құс еті, бір тонна балық өнімдері, екі тонна бидай ұны, 2,6 тонна қымыз бен мүйіз өнімдері бар. Барлық тауар бағасы 120 миллион теңгені құрайды.
Пікірлер