A+ A A-

talgatzhan 84 30-10-2024, 13:00 0

ШҚО инклюзивті білім беру бойынша республикада алдыңғы қатарда

Бүгін / ШҚО

Облыс көлемінде 11 мыңнан астам бала инклюзивті білім алуда. Оның алты мыңы Өскемен қаласында, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі.

Инклюзивті білім беру - барлық баланы, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді жалпы білім үрдісіне толық енгізу және олардың әлеуметтік мұқтаждықтарын арнайы қолдап, тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат. Осы орайда шаһардағы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да мектеп басшыларының қатысуымен « Инклюзивті білім беру жағдайында білім беру процесін басқару: заманауи тәсілдер мен тәжірибе» тақырыбында семинар өтті. Негізгі мақсат - өңірдегі мектептерде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, балаларға жағдай жасау жөнінде білім ордалары директорларына бағыт беру. Бұған қоса мектеп жасындағы оқушылардың, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту бойынша пайдалы мағлұматтар айтылды.

- Республика көлемінде біздің облыс аталған білім беру жүйесі бойынша алдыңғы қатарда. Республикалық бағалау кезінде инклюзивті білім беру бойынша өңіріміз жақсы нәтиже көрсетті. Яғни, даму бар. Бұдан бөлек аймақта «Дана бала» жобасы бойынша да көп жұмыс атқарылып, талай бала оқытылды, - деді ШҚО ББ «Облыстық психологиялық-медициналық педагогикалық консультация» КММ басшысының міндетін атқарушы Рауан Байчинов.
Айта кетейік, қалада 12 мыңнан астам мүгедек жан тіркелген, оның 1662-сі он сегіз жасқа дейінгі бала. 
Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смиттің сөзінше, соңғы үш жылда мемлекеттің қолдауымен көптеген сауықтыру орындары ашылды.
-Өткен екі жылда осы бағыттағы мұғалімдердің саны 44 пайызға өскен. Әрине, бұл біз үшін қуантарлық жағдай, - деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив