Зайсанда оқ тиіп, жараланған жігіт санавиация бортымен Өскеменге жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағандай, Зайсан аудандық ауруханасында жараланған азаматқа шұғыл хирургиялық көмек көрсетілді.
- Пациент тірі, кейінірек есін жиды. Ер адам санавиация бортымен Өскеменге тасымалданды. Қазіргі уақытта ол бірінші қалалық ауруханада дәрігерлердің бақылауында, – деп нақтылады ведомство өкілдері.
Айа кетейік, оқиға Зайсандағы 8 сәуірге қараған түні болған. Белгісіз тұлғалар 21 жастағы жігіттің арқасынан атып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Кейінірек күдіктілер ұсталды. Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Пікірлер