Өскемендегі Самал саябағының автотұрағында полиция бөлімшесі жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазіргі уақытта онда қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Демалыс орны ашылғаннан бастап саябақ маңындағы көлік тұрағы жергілікті тұрғындардың мазасын алды. Оған себеп - кешкі уақытта көлік жүргізушілерінің тыныштықты бұзуы. Осы мәселе бойынша өскемендіктер полицияға бірнеше мәрте шағым түсірген. Автотұрақта үнемі патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілікке шығып жүрді.
- Жуық арада стационарлық полиция пункті ашылады. Қашан екені жуық арада нақтыланады, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінде.
Пікірлер